19 маусымда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 19 маусымда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру;

  • «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзектендіру;

  • Алматы агломерациясын іске асыру барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу