Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

19 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

18 наурыз 2019, 15:13
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 19 наурызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Отырыстың күн тәртібінде:

  • «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын және «7–20–25» бағдарламасын іске асыру барысы;

  • Еңбек қарым-қатынасын реттеу шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Склярдың, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетовтың және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Л. Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз