19 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Бейсенбі күні, 19 желтоқсанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде — Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу