2 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 2 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың өзекті мәселелері. 

  • 2018 жылғы 9 айдағы инфляция деңгейі және әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары.

  • Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу мәселелері. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу