01 Желтоқсан 2025, 15:45

Сейсенбі, 2 желтоқсан күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев;
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов;
Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу