19 Тамыз 2024, 12:00
Сейсенбі, 20 тамыз күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды алдағы жылыту маусымына дайындау мәселесі.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында Энергетика, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
#Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу