Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы баспасөз конференциясы өтеді

08 ақпан 2019, 16:39
Фото: primeminister.kz

Дүйсенбі күні, 11 ақпанда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы және Қаржы министрлігінің 2019 жылға арналған даму перспективалары туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов шара спикері болады. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз