21 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 21 мамыр күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Шикізаттық емес экспортты ілгерілету;
  • 2023–2024 жылғы оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын, еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің Баспасөз орталығында Сауда және интеграция, Оқу-ағарту министрліктері басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу