22 мамырда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 22 мамырда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Көктемгі егін жұмыстарын өткізу барысы.
  • Орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық.
  • ҰБТ өткізуге дайындық барысы.
  • Еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру мәселелері.

 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында білім және ғылым министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу