Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

22 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

20 сәуір 2019, 16:16

Дүйсенбі күні, 22 сәуірде, сағат 9:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тəртібінде инвестициялар тарту мәселелері қаралады.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ə. Смайыловтың, сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Көшербаевтың, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетовтың, Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы А. Прейманистың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз