22 тамызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі күні, 22 тамызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың алты айында іске асырылуы.

  • Жылыту маусымына дайындық барысы.

  • Жаңа 2018/19 оқу жылының басталуына дайындық.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен жаңа 2018/19 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу