23 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 23 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Инвестициялар тарту мәселелері.

  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.

  • Көлік пен логистиканы цифрландыру.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу