23 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 23 сәуірде, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Су тасқыны жағдайы;

  • Тұрғын үй құрылысы және проблемалық объектілерді аяқтау.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет Баспасөз орталығында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу