23 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 23 шілде күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында Денсаулық сақтау және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу