22 Желтоқсан 2025, 14:35

Сейсенбі, 23 желтоқсан күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі — микро және шағын бизнесті қолдау шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;
ҚР қаржы министрі Мәди Такиев;
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Рустам Қарағойшин қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу