24 қаңтар күні Үкімет үйінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма, 24 қаңтар күні, сағат 11:00-де Үкімет үйінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, ұлттық экономика, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қатысады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Инфрақұрылымдық даму #ТКШ #Энергетика

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу