25 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 25 ақпанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы;
  • Бизнес ахуалды жақсарту шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громовтың қатысуымен су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kz, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу