24 Маусым 2025, 15:45
Сәрсенбі, 25 маусым күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
- ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев;
- ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрлері Нұркен Шәрбиев және Жомарт Әлиев;
- қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
#Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу