25 желтоқсанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі, 25 желтоқсанда, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы брифинг өтеді.

ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев пен ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу