Отырыстың күн тәртібінде:
-
Тарифтер мен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын төмендету шаралары.
-
ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы.
-
Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың және инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз