26 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі, 26 наурыз күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу