26 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 

Сейсенбі, 26 желтоқсанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы;

  • ҚР Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы және ҚР Үкіметінің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу