27 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 

Сейсенбі күні, 27 желтоқсанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

•  Кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту мәселелері;

•  Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімділігін арттыру;

• ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының жобасы.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу