28 Сәуір 2025, 14:30

Сейсенбі, 29 сәуір күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
• «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы;
• құрылыс саласын цифрландыру және қала құрылысы кадастры.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
- денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова,
- өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу