3 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 3 қараша күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:
– Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы;
– Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

  • ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова;

  • «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу