02 Қазан 2017, 06:00
Сейсенбі күні, 3 қазанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
2017 жылғы 9 айдағы инфляция деңгейі және оны осы жылдың соңына дейін белгіленген дәлізде ұстап тұру шаралары;
электрондық білім беру;
кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында брифинг өтеді.
Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу