4 қыркүйекте Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жетілдіру жөніндегі шаралар;

  • Халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс барысы;

  • Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу