Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

4 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

03 желтоқсан 2018, 12:18
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 4 желтоқсанда сағат 15.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • ҚР-да Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

  • Индустриялық-инновациялық дамудың 2020–2025 жылдардағы тұжырымдамасы.

  • Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын цифрландыру.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батановтың және ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз