Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

5 ақпанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

04 ақпан 2019, 14:50
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 5 ақпанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау.

  • Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын іске асыру барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз