5 маусымда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 5 маусымда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • ҚР «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру барысы.

  • Электрондық коммерцияны дамыту мәселелері.

  • Қазақстанның VII азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің, ҚР ЭМ Жасыл экономика департаменті директорының орынбасары Анар БұлжанованыңҚР ЭМ қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару департаментінің басшысы Гүлшира Әтемованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу