7 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 7 тамызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың 6 айында іске асырылу барысы;

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің және оқуға түсу емтихандарының қорытындылары;

  • «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жобаларды енгізу және пайдалану.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу