9 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 9 қазанда, сағат 9:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы.

  • Білім берудің өзекті мәселелері.

  • Мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау. 

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу