08 Қазан 2018, 04:52
Сейсенбі күні, 9 қазанда, сағат 9:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде:
Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы.
Білім берудің өзекті мәселелері.
Мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу