Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтері мен міндеттері туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 3 қыркүйекте, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтері мен міндеттері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу