ДЭФ–2018 жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 18 қазанда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында 2018 жылғы дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің қорытындылары және Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов және ҚР ҰЭМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Бауыржан Тұрлыбеков шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу