Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясында білім беру жүйесін дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 15 сәуірде, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясында білім беру жүйесін дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова шара спикері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу