Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

12 маусым 2018, 13:46
Фото: primeminister.kz

Сәрсенбі күні, 13 маусымда, 11:20-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын іске асыру туралы брифинг өтеді.

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, «Қазақ Туризм» ҰК басқарма төрағасы Рашид Күзембаев, «Сакралды Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы, «Сакралды Қазақстан» картасының әзірлеушісі Арман Байқадамов шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз