Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңды түсіндіру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сейсенбі күні, 31 шілдеде, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңның нормаларын түсіндіру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанова шара спикері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу