Медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 28 қыркүйекте, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шара спикері болады. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу