Мекенжай анықтамасын алып тастау туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сәрсенбі күні, 30 қазанда, сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында мекенжай анықтамасын алып тастау жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикерлері – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова. 

Баспасөз конференциясына сонымен қатар сыртқы істер, ішкі істер, білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің өкілдері қатысады.  

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу