Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы және еліміздің 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баспасөз конференциясы

Сәрсенбі, 13 тамыз, сағат 14:30-да Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Күн тәртібі – Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы және еліміздің 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары.

Баспасөз конференциясына:

- ҚР қаржы министрі Мәди Такиев;

- ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов;

- ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков;

- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов қатысады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу