Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы

Бейсенбі, 24 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Күн тәртібі – Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру барысы.

🎙Баспасөз конференциясына:

- ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев;
- ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова;
- ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов;
- ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев;
- ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова;
- ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қатысады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Брифинг #Ермек Көшербаев #Президенттің тапсырмасы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу