Мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы

Бейсенбі, 31 шілде, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Күн тәртібі – Мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру барысы.

 

Баспасөз конференциясына:

- ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев;

- ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов;

- ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев;

- ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев;

- «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу