Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік тексерістердің қорытындылары туралы брифинг өтеді

Дүйсенбі күні, 28 мамырда сағат 10:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексерістердің қорытындылары, сондай-ақ 2018 жылғы суға шомылу маусымына дайындық туралы брифинг өтеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин шара спикері болады.

 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу