Президенттің «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмаларын орындау туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сейсенбі күні, 5 наурызда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау туралы баспасөз конференциясы өтеді.

  • ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова;

  • ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев;

  • ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова;

  • ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов;

  • ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу