ШОБ субъектілері үшін салық амнистиясын жүргізу мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 27 желтоқсанда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық амнистиясын жүргізу мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев шара спикері болады.  

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу