ҚР Президенті Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып қайтты

Астананың «Әзірет Сұлтан» мешітінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Бүгін мұсылмандық әлем Құрбан айт мерекесін атап өтуде. Қазақстандық мұсылмандар да бұл мерекені тойлауда. Өздеріңіз білетіндей, он жыл ішінде Құрбан айт және Иса Пайғамбардың туған күні демалыс күні болып саналады – бұл христиандық және мұсылмандық дінге деген мемлекеттің қамқоры», – деді Президент Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы барлық діндер адамдарды бірлікке, үміт пен қайырымдылыққа шақыратындығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуы бойынша, нағыз діншіл адам өзгелерге қол ұшын береді және барлық діндерді тепе-тең деп есептейтін адам. Сол себепті бірлік, бауырластық, бір-біріне деген қайрымдылық өте маңызды.

«Құранда егер сенің бүгін қарның тоқ болып, ал көршің аш болса, сен өзіңді мұсылманмын деп есептей алмайсың делінген. Мұсылмандар топқа, секта және тағы басқаларға бөлінбейді. Адамдарға қол ұшын беріп, Отанына көмек көрсететін адам жақсы мұсылман», – деді Президент.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітіне келген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Сенат төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, ПӘ хаттама қызметінің басшысы Мәди Атамқұлов және мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу