16 Шілде 2018, 12:48
Мемлекет басшысы белгілі ақын, қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері мен қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, сөз зергері алдағы шығармашылық жоспарын ортаға салды.
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке немересі Ескендірдің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу