ҚР Президенті ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының атына өзінің отставкасы туралы өтініш берді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-Министрінің отставкасын қабылдады.

Серік Ахметов Үкімет отырысында сөйлеп, Мемлекет басшысына алғысын білдірді. «Өзімнің атымнан, Үкіметтің атынан еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғарғы сенімі үшін алғыс білдіргім келеді»,-деді ол.

Серік Ахметов сондай-ақ Үкімет мүшелеріне бірлесіп атқарған жұмыстар үшін алғыс айтты.

«Сіздерге бірлесіп атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіргім және табыстар тілегім келеді»,-деді С.Ахметов.

Конституцияға сәйкес, Премьер-Министрдің отставкасы аясында Министрлер кабинетінің өкілеттігін тоқтататынын білдіреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу