ҚР Президенті Astana Group басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады

Кездесу барысында Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа автомобиль жасау саласының дамуы және автомобильдерді экспортқа шығару мәселесі жөнінде баяндады.      

«Автомобиль саудасының көлемі артып келе жатқаны байқалады. Автомобиль жасау мекемелерінде «Маз» көлігін құрастыра бастадық. Алматыдағы зауыт «Hyundai» машинасын бояуға және дәнекерлеуге толықтай көшті. Ресей Федерациясына 450 автомобильді экспорттадық, Тәжікстанға 300 «Hyundai County» автобусын жасап, жөнелту жөнінде келісімге келдік. Мұндай операцияларды Өзбекстанмен де бірге жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Осылайша, Қазақстан өндіріс алаңы ретінде Орталық Азияда маңызды рөл атқара бастады, — деп қорытындылады компания басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты мемлекеттік, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу